×

Астанада «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында рейд өткізілді

Adal Adam 18.07.2026 | 19:19
Астанада «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында рейд өткізілді
Фото: Астана қаласы әкімдігінің баспксөз қызметі

«Нұра» ауданы әкімдігі аудандық полиция басқармасы мен ҚР Ұлттық ұланының әскери қызметшілерімен бірлесіп «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы және «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру аясында профилактикалық рейд ұйымдастырды, деп хабарлайды Adaladam.kz.

Іс-шараның мақсаты – қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, аумақтарды абаттандыру және санитариялық талаптардың сақталуын бақылау.

Рейд барысында тұрғындармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қоғамдық орындарда тазалықты сақтау, санитариялық нормаларды орындау, қоғамдық тәртіпті бұзбау және қоршаған ортаға ұқыпты қарау жөнінде жадынамалар таратылды.

Ұйымдастырушылар мұндай іс-шаралар тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға және қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталғанын атап өтті.