×

Критикалық ойлау мен медиасауаттылық: Алматыда жастардың радикалды қауымдастықтарға тартылуының алдын алу қалай жүргізіледі?

Adal Adam 12.08.2026 | 10:53
Критикалық ойлау мен медиасауаттылық: Алматыда жастардың радикалды қауымдастықтарға тартылуының алдын алу қалай жүргізіледі?

Әлеуметтік желілер мен интернет кеңістігіндегі ақпаратты сыни тұрғыдан қабылдау жастарарасында діни экстремизм мен радикалды идеологияның алдын алу бағытындағы профилактикалық жұмыстың маңызды бөлігіне айналып отыр. Алматы қаласында білім беру ұйымдарында оқушылардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және интернеттегі деструктивті контенттің ықпалына қарсы тұрақтылығын қалыптастыру бойынша жүйеліжұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды Adaladam.kz.

Алматы қаласы білім басқармасының мәліметінше, Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасымен бірлесіп, 2026 жылы білім беру ұйымдарында экстремизм мен терроризмнің алдыналуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру шаралары тұрақты негізде өткізіліп келеді. Бұл жұмыстардың қатарында тақырыптық сынып сағаттары, дәрістер, профилактикалық әңгімелер, дөңгелек үстелдер, мемлекеттік және құқық қорғау органдары өкілдерімен кездесулер бар.

Профилактикалық шаралардың негізгі тақырыптарының бірі – ақпараттық қауіпсіздік және интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық. Оқушыларға ақпаратты сыни талдау, жалған ақпараттың таралуына жол бермеу, әлеуметтік желілер мен интернет-ресурстарды қауіпсіз пайдалану мәселелері түсіндіріледі.

Ресми жауапта білім беру ұйымдарындағы профилактикалық жұмыс барысында оқушыларға деструктивті интернет-контенттің белгілері және жастарды әлеуметтік желілер арқылы радикалды қауымдастықтарға тарту тәсілдері түсіндірілетіні көрсетілген. Сонымен қатар оларға құқыққа қайшы материалдарды таратқаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік қарастырылғаны түсіндіріледі.

Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, ішкі істер органдарының құзыретішегінде жалпыға қолжетімді интернет кеңістігіне тұрақты мониторинг жүргізіледі. Оның мақсаты – құқыққа қайшы контентті анықтау. Сонымен қатар азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыруға және интернетте жауапты мінез-құлық қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру шаралары жүзеге асырылады.

Полиция қызметкерлері азаматтарға интернетте таралатын материалдарға сыни тұрғыдан қарауға, ақпаратты тек ресми және тексерілген дереккөздерден алуға кеңес береді. Сондай-ақ мазмұны күмәнді белгісіз интернет-қоғамдастықтармен байланысқа түспеу және құқыққа қайшы қызмет белгілері бар материалдар анықталған жағдайда құқық қорғау органдарына хабарлау ұсынылады.

Білім беру ұйымдарындағы профилактикалық жұмыста ата-аналар мен педагогтерге де ерекше көңіл бөлінеді. Алматы қаласының барлық білімберу ұйымдарында ата-аналар жиналыстары өткізіліп, оларға құқық қорғау органдары, ұлттыққауіпсіздік органдары және Дін істерібасқармасының өкілдері қатысады. Кездесулер барысында балалардың ақпараттық қауіпсіздігі, жасөспірімдердің деструктивті діни ағымдарға тартылуының алдын алу және ата-аналардың жауапкершілігі мәселелері түсіндіріледі.

Ресми мәліметке сәйкес, 2026 жылы Алматы қаласының білім беру ұйымдарында экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында шамамен50 ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізіліп, оған 7414 оқушы қатысқан. Сонымен қатар сәуір-мамырайларында Алматы қаласы білім басқармасыныңбастамасымен Алматы қаласының құзырлы ограндарымен бірлесіп «Ложный вызов» тақырыбындағы төрт профилактикалық бейнеролик көрсетіліп, оларды 258 288 оқушы көрген.

Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, 2026 жылдың басынан беріақпараттық-түсіндіру топтарымен бірлесіп білімберу ұйымдарында, еңбек ұжымдарында жәнебасқа да мекемелерде 300-ден астам профилактикалық іс-шара өткізілген. Оларға 55 мыңнан астам адам қамтылған.

Мұндай профилактикалық жұмыстың негізгі бағыттарының бірі – жастардың ақпаратты саналықабылдауына, интернеттегі қауіптерді ажырата білуіне және құқықтық мәдениетін қалыптастыруғажағдай жасау. Ресми жауапта критикалық ойлаумен қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамыту жасөспірімдердің радикалды идеологияның ықпалына тұрақтылығын қалыптастырудың маңызды бағыттарының бірі ретінде көрсетілген.

Алматыда бұл бағыттағы жұмыс білім беру ұйымдары, Дін істері басқармасы, полиция, ұлттық қауіпсіздік органдары және басқа да мемлекеттік құрылымдардың өзара іс-қимылы негізінде тұрақты түрде жалғасып келеді.