Діни экстремизмнің алдын алудаведомствоаралық жұмыс қалайұйымдастырылған?
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бір ғана мемлекеттік органның міндеті емес. Алматы қаласында бұл бағыттағы жұмыс мемлекеттік органдар мен білім беру ұйымдарының өзара іс-қимылы негізінде кешенді түрде ұйымдастырылған. Негізгі мақсат – жастардың құқықтық және діни сауаттылығын арттыру, олардың радикалды идеологияның ықпалына түсуінің алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, деп хабарлайды Adaladam.kz.
Алматы қаласының білім беру ұйымдарындағы профилактикалық жұмыс Білім басқармасы, Дін істері жөніндегі басқармасы, Полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі бөлімшелері, прокуратура, ұлттық қауіпсіздік органдары және басқа да мүдделі мемлекеттік құрылымдардың қатысуымен жүргізіледі.
Ведомствоаралық өзара іс-қимылдың маңызды бағыттарының бірі – тәуекел факторларын ерте анықтау және профилактикалық жұмысты уақтылы ұйымдастыру. Мемлекеттік органдар арасында қажетті ақпарат алмасу жүзеге асырылып, деструктивті діни ағымдардың ықпалына түсу қаупі бар кәмелетке толмағандарға қатысты тиісті профилактикалық шаралар қабылданады.
Бұл жұмыста білім беру ұйымдарының мамандары да маңызды рөл атқарады. Педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтер, тәрбие жұмысына жауапты директорлардың орынбасарлары мен сынып жетекшілері оқушылармен тікелей жұмыс жүргізеді. Қажет болған жағдайда кәмелетке толмағандармен және олардың ата-аналарымен жеке профилактикалық әңгімелер өткізіліп, психологиялық консультациялар ұйымдастырылады.
Ерекше назар психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қажет ететін, әлеуметтік тұрғыдан осал жағдайда жүрген және профилактикалық қолдауға мұқтаж жасөспірімдерге аударылады. Алматы қаласы Білім басқармасы мен Дін істері жөніндегі басқармасының өзара іс-қимылы аясында мұндай кәмелетке толмағандармен жеке профилактикалық және оңалту жұмыстары жүргізіледі.
Сонымен қатар білім беру ұйымдарында құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі кеңестер жұмыс істейді. Олардың құрамына білім беру ұйымдарының басшылары, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтер, ювеналды полиция инспекторлары, заңгерлер және басқа да мамандар кіреді.
Діни экстремизмнің алдын алуда ата-аналармен өзара байланысқа да ерекше мән беріледі. Оларға балалардың интернеттегі қауіпсіздігі, деструктивті діни ағымдарға тартылудың алдын алу, қолданыстағы заңнама талаптары және бала тәрбиесіне қатысты жауапкершілік мәселелері түсіндіріледі. Қажет болған жағдайда жекелеген отбасылармен жеке жұмыс жүргізіледі.
Полиция департаментінің профильдік бөлімшелері де профилактикалық жұмысқа өз құзыреті шегінде қатысады. Халыққа заң талаптарын сақтау, деструктивті идеологияның таралуына жол бермеу және жастардың құқықтық мәдениетін арттыру мәселелері түсіндіріледі. Бұл жұмыс Дін істері жөніндегі басқармасымен, ұлттық қауіпсіздік органдарымен, прокуратурамен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жүзеге асырылады.
Мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы тек білім беру саласымен шектелмейді. Ақпараттық-түсіндіру және профилактикалық жұмыстар еңбек ұжымдарында, түрлі мекемелерде және халықтың әртүрлі топтары арасында да жүргізіледі. Сонымен қатар мемлекеттік органдар мен ұйымдар арасында ақпарат алмасу, профилактикалық материалдарды тарату және бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру жолға қойылған.
Осылайша, Алматыдағы діни экстремизмнің алдын алу жүйесі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын, ерте профилактиканы, құқықтық және психологиялық сүйемелдеуді, оңалтуды және мемлекеттік органдар арасындағы тұрақты өзара іс-қимылды қамтиды. Әр ведомство өз құзыреті шегінде ортақ міндет – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жастардың деструктивті идеологияның ықпалына түсуінің алдын алу бағытында жұмыс жүргізеді.