×

Депутат Абзал Құспан Бергей Рысқалиевпен қандай байланысы барын айтты

Депутат Абзал Құспан Бергей Рысқалиевқа тағылған айыптармен келіспейтінін айтты. 

Даурен Омаров 05.02.2025 | 14:40

Мәжіліс депутаты, заңгер Абзал Құспан Adal ADAM youtube арнасына берген сұхбатында Атырау облысының экс-әкімі Бергей Рысқалиевқа қатысты пікір білдірді. 

«Ол кісінің адвокаты болдым, мен онымен кәсіби қызметім ғана байланыстырады. Отбасымызбен араласамыз деп айта алмаймын. Рысқалиевпен 2019 жылы шетелде кездескенім БАҚ-та жарыққа шығып кетті. Негізінде оған дейін де, одан кейін ұдайы кездесіп тұрдық, Лондонда, Парижде.  Мың томнан асатын орыс, қазақ тілінде жазылған іс болды ол кісіде. Сондағы ақпараттардың қайсысы қай томда екенін ағылшын әріптестерге айтып түсіндіріп отырдым» дейді. 

Депутат Абзал Құспан Бергей Рысқалиевқа тағылған айыптармен келіспейтінін айтты. 

«Басқасын білмедім, Бергей Рысқалиевқа тағылған айыптар шеңберінде оны кінәлі, қылмыскер деп есептемеймін. Атырау халқының 90 пайызы, тіпті одан да асып кетуі мүмкін, Бергейді жақтайтынына сенімдімін. Кезінде ескі жүйеде саяси мәселемен қуғындалған», деді депутат.

Абзал Құспанның ойынша, Рысқалиев елге оралғысы келеді, бірақ қазіргі жағдайда мүмкін емес.

«17 жылға соттау туралы үкімі бар, сол бұзылмайынша ол Қазақстанға келе алмайды. Меніңше, Рысқалиев елге келгісі келеді деп ойлаймын. Ол өте ауылдан шыққан қазақы тұлға», - деді депутат.

«Қонаевтың саяси мансабының басталуына Бейсембай Кенжебаев себеп болған» – Құлбек Ергөбек

Құлбек Ергөбектің айтуынша, Б.Кенжебаев Қонаевтың саяси мансабының басталуына себепкер болғаны ақиқат.
Даурен Омаров Даурен Омаров 25.02.2025 | 00:24

«Әсіре алашшыл болып жүр»: Құлбек Ергөбек алаштанушыларды сынға алды

Жазушы-ғалымның айтуынша, Сәбит Мұқанов сияқты совет қайраткерлерін сынағанда обьективтілік керек.
Даурен Омаров Даурен Омаров 24.02.2025 | 13:24

«Мағауинмен қоштасуды да саясатқа айналдырып жібердік» - Құлбек Ергөбек

Құлбек Ергөбек Adal Adal youtube арнасына берген сұхбатында Мұхтар Мағауин мен Бердібек Сапарбаевтың телефон арқылы сөйлескенін айтты.
Даурен Омаров Даурен Омаров 24.02.2025 | 09:28

Ербол Алшынбай өлеңдері: АҚШ жазушысы пікір білдірді

Жазушы Джудит Линберг Ербол Алшынбайдың «Жылқы ғана жалғандағы серігім» атты топтама өлеңдерін оқып, өз әсерін бөлісті.
Даурен Омаров Даурен Омаров 22.02.2025 | 11:59

Тұтынушылардың құқықтары: несие бойынша заңсыз әрекеттерге қарсы күрес рөлі

“Zangerler palatasi” заң консультанттар Палатасының заң консультанты Ақылбекова Ақниет Абдразаққызымен сұхбат.
Даурен Омаров Даурен Омаров 20.02.2025 | 17:34

«Маңғыстауды басқару оңай емес»: Еділ Жаңбыршин облыстың жаңа әкімі туралы ойын айтты

Депутат Маңғыстау облысының әкіміне "тәжірибесі мол, елмен тіл табыса алатын әкім" деген баға берді. 
Даурен Омаров Даурен Омаров 18.02.2025 | 12:49

Сенатор предложил убрать скидки по оплате штрафов нарушителям ПДД

Он отметил, что это должно касаться втовладельцев, систематически нарушающих правила дорожного движения
Алина Мороз Алина Мороз 13.02.2025 | 15:12