×

«Жүрегім жылап тұрса да, жарқылдап жүремін». Әлеуметтік желідегі жұлдыз директор - Ақмоншақ Нұртаза

Даурен Омаров 19.05.2025 | 22:43

Заманауи мектеп директоры қандай болуы керек?
Бұл сұрақтың жауабын №58 мектеп-гимназиясының директоры Ақмоншақ Нұртазаның тәжірибесінен табуға болады.
Ол – оқушымен трендтегі видеолар түсіретін, Instagram желісінде белсенді блог жүргізетін, білім мен тәрбиені ұлттық құндылықтармен үйлестіре білген заманауи көшбасшы.
Финляндияның білім жүйесінен шабыт алып, мектеп басшылығында еркіндік пен сенімге негізделген жаңа тәсілдерді енгізіп келеді.
Ақмоншақ Нұртаза үшін мұғалім де, директор да – оқушыға жақын, қоғаммен үндес, үнемі жаңарып отыратын тұлға болуы тиіс.
Бұл сұхбатта:
- Директор мен оқушының арасында шекара болу керек пе?
- Әлеуметтік желідегі белсенділік – тәрбиеге кедергі ме, әлде құрал ма?
- Ұжым қалай қабылдады?
- Еркіндік бар жерде тәртіп қалай сақталады?
- Директор болашақта жеке мектеп аша ма, әлде саясатқа кете ме?
- Оның көңілі неден босады?

Ақмоншақ Нұртазаның тың тәсілдері мен шынайы жауаптары – «Адал адам» арнасында.
Қараңыз, ой қосыңыз, пікір қалдырыңыз. Білім – бәрімізге ортақ тақырып.

Өзбекәлі өнегесі. Жәнібеков НӘН-нің неден «құритынын» білді. Әдебиеттегі дау-дамай – Құлбек Ергөбек / 2-бөлім

Adal ADAM youtube арнасы көрнекті жазушы, әдебиет сыншысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Құлбек Ергөбекпен болған сұхбаттың екінші бөлімін назарларыңызға ұсынады.
Даурен Омаров Даурен Омаров 04.03.2025 | 23:43

Рысқұлов, Мұқанов сатқын ба? Сапарбаев пен Мағауин не жайлы сөйлесті? – Құлбек Ергөбек

Құлбек Ергөбек 20 ғасырда өмір сүрген көптеген қайраткерлер туралы, тарихи оқиғалар жайлы ой өрбітіп, өзінің бағасын берді.
Даурен Омаров Даурен Омаров 24.02.2025 | 00:21