×

Дикий Арманмен сөйлестім. Саид Бурятскийдің бауырлары Қазақстанда емін-еркін жүр – Ринат Зайытов

Даурен Омаров 30.03.2025 | 21:50

Adal Adam YouTube арнасына Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов сұхбат берді.

Ол елді алдап жүрген коуч-психологтар, қайырымдылық қорлары, жат діни ағымдар, айтыстағы тыйым салынған тақырыптар, рушылдық туралы ой өрбітті. Зайытов депутат болғалы екі жылда өзінің қалай өзгергенін, өкінішін, жан сырын бөлісті. Сондай-ақ Украина президенті Зеленскиймен ұқсастығы, “ескі Қазақстан” өкілдерінің Дубайдағы дүние-мүліктері мен Қазақстанды талан-тараж қылу жоспары жайлы пікір-пайымын жеткізді. Ринат Зайытов адал министрлер, адал әкімдер бар ма, жоқ па деген сұраққа да жауап берді. Сонымен бірге Абай облысының жаңа әкімі Берік Уәли, Шығыс Қазақстан облысының жаңа әкімі Нұрымбет Сақтағанов туралы көзқарасын білдірді.
Сұхбат барысында елдің идеологиясы, қоғамды адами құндылықтармен сауықтыру мәселелері дк сараланды.

Рысқұлов, Мұқанов сатқын ба? Сапарбаев пен Мағауин не жайлы сөйлесті? – Құлбек Ергөбек

Құлбек Ергөбек 20 ғасырда өмір сүрген көптеген қайраткерлер туралы, тарихи оқиғалар жайлы ой өрбітіп, өзінің бағасын берді.
Даурен Омаров Даурен Омаров 24.02.2025 | 00:21

Мұнай магнаттары тәубәсіне келді ме? Ел тағдыры «екі крайникке» байлаулы ма? – Е.Жаңбыршин

Депутат өзіне жасалған ақпараттық шабуылдар туралы айтты. 
Даурен Омаров Даурен Омаров 17.02.2025 | 21:25

«Жыланның басын шабу керек». Реваншистерде шанс жоқ? Бергей елге орала ма? Үздік әкім кім?- А.Құспан

Депутат Атырау облысының экс-әкімі Бергей Рысқалиев туралы да көзқарасын білдірді.
Даурен Омаров Даурен Омаров 04.02.2025 | 07:52

Үкімет ауыса ма? Танзаниядан неміз артық? Жамбыл жері уахабизм ошағы бола жаздады ма?- Е.Саурықов

Мәжіліс депутатының айтуынша, 10 жылдан кейін билік басына орыс тілін білмейтін адамдар келеді.
Даурен Омаров Даурен Омаров 29.01.2025 | 15:45