Қазақстандағы рейдерлік қылмыстар. «Әлия Назарбаева неге Мәскеуге қашып кетті?» - Жарқын Күрентаев

«Adal Adam» youtube арнасының кезекті кейіпкері – қоғам белсендісі Жарқын Күрентаев. Ол сұхбатта рейдерлік қылмыстар мен жасалу әдіс-тәсілдері, «Ескі Қазақстан» құрбандары, 1990-2000 жылдардағы рэкеттердің бизнеске ықпалы, олардың олигархтармен, Назарбаев әулетімен байланысы, Нұрлан Нығматулиннің былықтары, Гербалайф компаниясындағы талас-тартыс туралы тарқатып айтты.
Сонымен қатар, Жарқын Күрентаев әңгіме барысында өзі де көптеген адамға «қорлық көрсеткенін» ашық мойындап, «күнәдан арылғысы» келетінін жеткізді.