×

Халықаралық «Ұлы дала жорығы-2025»: Үшінші күннің қорытындысы

Даурен Омаров 22.09.2025 | 20:25
Халықаралық «Ұлы дала жорығы-2025»: Үшінші күннің қорытындысы
«Ұлы дала жорығы»

 

ҮШІНШІ КЕЗЕҢ ЖЕҢІМПАЗЫ: ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ КОМАНДАСЫ

22-қыркүйек күні Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің үшінші кезеңі аяқталды. Таңертең 15 команда жорықты жалғап Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Қызбел ауылынан шығып Бидайық ауылына аялдап, қайта Қызбел ауылына келді.

Үшінші кезең 250 шақырымның қорытындысы бойынша, Жетісу облысының командасы жеңімпаз атанды. Қырғызстанның бірінші командасы екінші, Ұлытау облысының командасы үздік үштікті түйіндеді.                                  

Бүгінгі күн яғни 100 шақырымда Жетісу облысының командасы қайта топ жарды. Күннің үздігі атанып арнайы кубокқа ие болды.

Жол қашықтығы 500 шақырымды құрайды және бағыт Қостанай облысының аумағын қамтиды. Марафон 25-қыркүйек күні Қостанай облысы Арқалық қаласының  маңында мәреге жетеді.