×

Халықаралық «Ұлы дала жорығы-2025»: Төртінші күннің қорытындысы

Даурен Омаров 23.09.2025 | 20:37
Халықаралық «Ұлы дала жорығы-2025»: Төртінші күннің қорытындысы
"Ұлы дала жорығы"

23-қыркүйек күні Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің төртінші кезеңі аяқталды. Таңертең 13 команда жорықты жалғап Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Қызбел ауылынан шығып, Амангелді ауданы, Амангелді ауылына келді.

Төртінші кезең 350 шақырымның қорытындысы бойынша, Жетісу облысының командасы жеңімпаз атанды. Қырғызстанның бірінші командасы екінші, Маңғыстау облысының Көкмойнақ командасы үздік үштікті түйіндеді.

Бүгінгі күн яғни 100 шақырымда Ақтөбе облысының командасы үздік атанды. Күннің жеңімпазы атанып арнайы кубокқа ие болды.

Жол қашықтығы 500 шақырымды құрайды және бағыт Қостанай облысының аумағын қамтиды. Марафон 25-қыркүйек күні Қостанай облысы Арқалық қаласының  маңында мәреге жетеді.