×

Халықаралық «Ұлы дала жорығы-2025»: Бесінші күннің қорытындысы

Даурен Омаров 24.09.2025 | 22:13
Халықаралық «Ұлы дала жорығы-2025»: Бесінші күннің қорытындысы
"Ұлы дала жорығы"

24-қыркүйек күні Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің бесінші кезеңі аяқталды. Таңертең 11 команда жорықты жалғап Қостанай облысы, Амангелді ауданынан шығып, Арқалық қаласының маңына келіп тоқтады.

Бесінші кезең 450 шақырымның қорытындысы бойынша, Қырғызстанның бірінші командасы жеңімпаз атанды. Ақтөбе облысының командасы екінші, Қостанай облысы бірінші командасы үздік үштікті түйіндеді.    

Бүгінгі күн яғни 100 шақырымда Қырғызстанның бірінші командасы  топ жарды. Күннің үздігі атанып арнайы кубокқа ие болды.

Жол қашықтығы 500 шақырымды құрайды және бағыт Қостанай облысының аумағын қамтиды. Марафон 25-қыркүйек яғни ертең Қостанай облысы Арқалық қаласының маңында мәреге жетіп, жеңімпаздар анықталады. Арнайы марапаттау рәсімі өтеді.