×

Қызылордада майдангер Яхия Тасыровқа құрмет көрсетілді

Adal Adam 09.05.2026 | 13:59
Қызылордада майдангер Яхия Тасыровқа құрмет көрсетілді
Фото: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қызылорда облысында Ұлы Отан соғысының ардагері, Сырдария ауданының Құрметті азаматы Яхия Тасыровқа ерекше құрмет көрсетілді, деп хабарлайды Adaladam.kz. 

Қарт майдангердің үйінің алдында Отан қорғаушылар саптық жүріспен өтіп, ардагерге тағзым жасады. Іс-шара барысында оның ел үшін жасаған ерлігі мен жанқиярлық еңбегі кейінгі ұрпаққа үлгі ретінде насихатталды.

Яхия Тасыровтың өмір жолы отансүйгіштік пен адал қызметтің жарқын үлгісі ретінде аталып өтті. Ұйымдастырушылар ардагерлерге құрмет көрсету — тарихи жадыны сақтаудың маңызды бөлігі екенін атап өтті.