×

«Кенесары ханның бас сүйегінен шарап ішеміз»: Қырғызстандық екі қыздың үстінен іс қозғалды

Даурен Омаров 12.10.2026 | 11:25
«Кенесары ханның бас сүйегінен шарап ішеміз»: Қырғызстандық екі қыздың үстінен іс қозғалды
ашық дереккөз

Кенесары ханның бас сүйегіне қатысты қорлайтын сөздер айтқан Қырғызстанның екі азаматына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы заңгер Мейірман Шекеев мәлімдеді, деп хабарлайды Adaladam.kz.

Бұған дейін Астанада білім алып жүрген Аруке мен Эдина есімді екі қыздың видеосы әлеуметтік желіде дау тудырған еді. Онда қыздардың бірі Кенесары ханның бас сүйегінен шарап ішетінін айтқан.

Заңгердің сөзінше, ол құқық қорғау органдарына арыз түсіріп, нәтижесінде қылмыстық іс тіркелген. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.