×

Ел болашағын айқындайды – Ерлан Қарин референдумда өз дауысын берді

Даурен Омаров 15.03.2026 | 08:10
Ел болашағын айқындайды – Ерлан Қарин референдумда өз дауысын берді
ашық дереккөз

Мемлекеттік кеңесші референдум Қазақстанның болашағын айқындайтынын атап өтті.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Карин Астанадағы Ұлттық кітапхана ғимаратында орналасқан №129 сайлау учаскесінде жаңа Конституция жобасы бойынша референдумда дауыс берді.

"Бүгінгі референдум конституциялық реформаға қатысты жарты жылдан астам уақытқа созылған қоғамдық талқылаулардың қорытындысы.

189 күн бойы талқылауға мыңдаған азаматтар, сарапшылар мен қоғам өкілдері қатысты. Осы кезең ішінде біз қоғамдық белсенділіктің әлдеқайда артқанын, азаматтардың кеңінен тартылғанын көрдік.

Шын мәнінде, бұл референдум Қазақстанның болашағын айқындайды. Бүгін азаматтар қандай қоғам құратынымызды, еліміз қандай құндылықтар мен қағидаттарға сүйене отырып дамитынын шешіп жатыр", - деді Ерлан Қарин.

Оның айтуынша, бұл соңғы төрт жылдағы үшінші референдум.

"Президенттің барлық маңызды әрі негізгі шешімдер референдум арқылы, яғни барлық азаматтардың пікірін ескере отырып қабылдануы тиіс деген қағидаты қазақстандықтар үшін қалыпты, саяси өміріміздің орныққан тәжірибесіне айналды.

Соңғы жылдары Қазақстан мемлекет пен қоғам арасындағы ашық диалогтың және бірлесіп шешім қабылдаудың үлгісін көрсетіп келеді. Еліміз саяси өмірдің жоғары қарқынын және прогреске деген ұмтылысын танытып жатыр", - деді мемлекеттік кеңесші.