Ұлттық спортқа шоу керек. Ұлы дала жорығы. Жылқы музейі. Alageum Electric игілігі - Еркебұлан Ілиясов

Adal Adam youtube арнасының кезекті кейіпкері – «Alageum Electric» КТ Директорлар кеңесінің төрағасы Еркебұлан Сайдоллаұлы Ілиясов. Ол биылдан бастап ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президенті қызметіне кірісті. Жаңа лауазым – жаңа жауапкершілік. Ұлттық спортты дамытудың концепциясын жасап, алты бағытта жүйелі жұмыс атқаруды жоспарлап отыр. Сұхбатта осы тақырып таразыланды. Сонымен қатар асық ату, ләңгі тебу, арқан тартыстың бұқаралық сипат алуы, ұлттық спортты шоуға айналдыру және букмекерлік кеңселердің қаржыландыруы, көкпардағы дау-дамайлар, Ұлы дала жорығы марафон-бәйгесі жөнінде ой-пікірлер айтылды.