«Жүректен шыққан естелік»: Жетісулықтар майдангерлердің ерлігіне тағзым етті

Бүгін Жетісу облысына қарасты Қаратал ауданы Үштөбе қаласында дін бірлестіктер жетекшілері клубының мүшелері майдаргерлердің ерлігі мен рухына тағзым етті. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай өткен патриоттық іс-шара «Жүректен шыққан естелік» аталды.
Клубтың 30-ға жуық мүшесі батырларға арналған мемориалға гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен қаһармандарды еске алды, сондай-ақ бейбіт өмір мен азаттық үшін алғыс білдірді.
Салтанатты рәсімнен кейін Қаратал аудандық тарихи-өлкетану мұражайына экскурсия ұйымдастырылды.