Эксклюзив! Қанат Шарлапаевпен ашық әңгіме: қазақ тілі, отбасы жайлы, утильалым және бизнес мәселесі
«Adal ADAM» youtube арнасына «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағасы Қанат Шарлапаев сұхбат берді.
Ол жаңа қызметіне 2026 жылдан бастап кірісті. Оған дейін «Бәйтерек» холдингінің басшысы, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі, Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі лауазымдарын атқарған. Айта кетейік, ол 1981 жылы Ресейдің Саратов облысында туған. 2006-2022 жылдары аралығындағы мансабын Еуропадағы ірі «Сити» инвестициялық банкіне арнаған, вице-президент қызметіне дейін көтерілген.
Сұхбат барысында Қанат Шарлапаев Қазақстандағы бизнес ортаның ең өзекті мәселелеріне тоқталды. Атап айтқанда, Салық кодексіне байланысты кәсіпкерлердің көзқарасы мен мүддесі, тексерістер мен қысым, сондай-ақ «Атамекен» палатасының беделі мен болашағы туралы ашық пікір білдірді.
Бұдан бөлек, Ресейде туып, Еуропада қызмет атқарған Қанат Шарлапаевтың Қазақстанға келуінің себебі, қазақ тілін қалай үйренгені, утильалым мен Кармет төңірегіндегі мәселелер де сөз болды.
Сұхбаттың толық нұсқасын Adal ADAM YouTube арнасынан көре аласыздар.