Баспана нарығындағы бүгінгі шындық: баға, ипотека, жаңа талаптар - Ұлан Дәулетқали
Adal Adam YouTube арнасының кезекті спикері - жылжымайтын мүлік саласын терең талдап жүрген тәуелсіз сарапшы Ұлан Дәулетқали. Ол елдегі ең өзекті тақырыптардың бірі – баспана нарығындағы жағдайды саралады.
Сұхбат барысында қазіргі нарықтағы ахуал, пәтер бағасының күрт өсу себептері, «жасанды тапшылық» мәселесі және құрылыс компанияларының ықпалы ашық айтылды. Мемлекеттік бағдарламалардың, соның ішінде 7-20-25 пен Отбасы банк жүйесінің нарыққа әсері де нақты мысалдармен талданды.
Сондай-ақ «первичка» мен «вторичка» арасындағы айырмашылық, қай пәтерлер өтімді, қайсысы сұраныссыз қалып жатыр, инвестор ретінде нені ескеру керек деген маңызды сұрақтар көтерілді. Риэлторлардың қызметі, олардың нарықтағы рөлі және «екі жақтан комиссия алу» мәселесі де назардан тыс қалмады.
Бұдан бөлек, 1 шілдеден бастап ипотека беру талаптарының өзгеруі, оның халыққа әсері, алдағы уақытта баға қалай құбылуы мүмкін екені де талқыланды.
Бұл сұхбат – баспана алуды жоспарлап жүрген, инвестиция жасағысы келетін немесе нарықты түсінгісі келетін әр адам үшін пайдалы.
Лайк басып, пікір жазыңыз. Арнаға жазылып, қоңыраушаны қосыңыз.