Аяғы аттракционға қысылып қалған: Қызылордада саябақтағы оқиғаға қатысты іс басталды
Қызылорда қаласындағы саябақтардың бірінде баланың аяғы аттракционға қысылып қалғаны бейнеленген видео тарады, деп хабарлайды AdalAdam.kz.
Әлеуметтік желі қолданушысы аттракционда оның аяғына қатты зақым келгенін, шұғыл түрде қан қажет екенін жазған. Облыстық полиция департаменті аталған мәселеге байланысты түсінік берді.
- Абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу дерегі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта аталған іс аясында оқиғаның мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері басталды. Қылмыстық іс бойынша заңнама талаптарына сәйкес процессуалдық шешім қабылданады, - делінген хабарламада.