Бекзад Нұрдәулетов: Ел болашағына қатысты жауапкершілікті сезіну – әр азаматтың міндеті
Ақтау қаласындағы №267 сайлау учаскесінде бокстан әлем чемпионы, былғары қолғап шебері Бекзад Нұрдәулетов Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысып, маңызды таңдау жасады, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.
Танымал спортшы елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиғаға қатысу барлық азаматтың ортақ жауапкершілігі екенін атап өтті.
Бүгін ел болашағы үшін аса маңызды оқиғаға қатысты өз ұстанымымды білдірдім. Құрылтай – еліміздің алдағы даму бағыт-бағдарын айқындайтын бірегей саяси құрылым деп есептеймін. Сондықтан әр азаматтың жеке көзқарасын білдіруі өте маңызды деп ойлаймын, - деді Бекзад Нұрдәулетов.