×

Қызылорда облысында ғарыштан анықталған 53 заңсыз қоқыс орны жойылды

Даурен Омаров 08.09.2026 | 23:00
Қызылорда облысында ғарыштан анықталған 53 заңсыз қоқыс орны жойылды
Экология министрлігі

Қызылорда облысында заңсыз қоқыс үйінділерін анықтау және жою жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Adaladam.kz.

Өңірде бұл бағытта ғарыштық мониторинг те қолданылады. «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ көмегімен биыл облыс аумағынан 53 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталған. Қазіргі таңда олардың барлығы тазартылды.

Экология департаментінің хабарлауынша, мамандар елді мекендер мен олардың сыртындағы аумақтарды тұрақты тексеріп отырады. Заңсыз қоқыс орны анықталған жағдайда жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп оны жою және қайта пайда болуына жол бермеу шаралары қабылданады.

Айта кетейік, ғарыштық мониторинг Қызылорда облысында 2018 жылдан бері жүргізіліп келеді. Экологтар аумақтардың санитарлық жағдайын бақылау мен заңсыз қоқыс орындарының алдын алу жұмыстары жалғасатынын мәлімдеді.