×

БҚО-да ұрланған жылқыларды еліміздің оңтүстігіне жөнелтіп отырған күдікті ұсталды

Даурен Омаров 09.09.2026 | 11:16
БҚО-да ұрланған жылқыларды еліміздің оңтүстігіне жөнелтіп отырған күдікті ұсталды
polisia.kz

Батыс Қазақстан облысында 36 бас жылқыны ұрлады деген күдікпен 48 жастағы азамат ұсталды, деп хабарлайды Adaladam.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, күдікті еркін жайылымда жүрген жылқыларды айдап әкетіп, өз ауласына қамаған. Кейін малды жүк көліктеріне тиеп, еліміздің оңтүстік өңірлеріне жөнелтіп отырған.

Тергеу барысында оның жалпы құны 14 млн теңгеден асатын 36 бас жылқының ұрлығына қатысы бары анықталған.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Мал ұрлығы үшін заң бойынша 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы қарастырылған.

Полиция малды қараусыз қалдырмай, таңбалап, GPS-трекер орнатуға кеңес береді.