×

Қорғаныс министрлігі екі матрос туралы тараған ақпаратты жоққа шығарды

Даурен Омаров 28.09.2026 | 09:58
Қорғаныс министрлігі екі матрос туралы тараған ақпаратты жоққа шығарды
Қорғаныс министрлігі

Әлеуметтік желілерде мерзімді әскери қызметтегі матростар Ахметов А.А. мен Мағауия Ә.А.-ға қатысты тараған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Adaladam.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде екі матрос та жағалауда оқу міндеттерін орындаған әскери қызметшілер тобының құрамында болған.

Қазіргі уақытта Ахметов А.А. мен Мағауия Ә.А. әскери бөлімде және күн тәртібіне сәйкес әскери қызметін жалғастырып жүр.

Қорғаныс министрлігі азаматтарды тексерілмеген ақпаратты таратпауға және тек ресми мәліметтерге сүйенуге шақырды.