Бір жылда қазақстандықтардың табысы 14%-ға артты
Қазақстанда 2026 жылдың II тоқсанында халықтың жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысы 410 088 теңгені құрады, деп хабарлайды Adaladam.kz Ұлттық статистика бюросының деректеріне сілтеме жасап.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 14 пайызға өскен.
Осы кезеңде жан басына шаққандағы орташа ақшалай шығын 358 584 теңге болды.
Ал тұтынуға пайдаланылған табыс бір адамға шаққанда орта есеппен 362 900 теңгені құраған.