Әлеуметтік желінің жұлдызына айналған директор Ақмоншақ Нұртаза саясат, білім, отбасы туралы
Заманауи мектеп директоры қандай болуы керек?
Бұл сұрақтың жауабын №58 мектеп-гимназиясының директоры Ақмоншақ Нұртазаның тәжірибесінен табуға болады.
Ол – оқушымен трендтегі видеолар түсіретін, Instagram желісінде белсенді блог жүргізетін, білім мен тәрбиені ұлттық құндылықтармен үйлестіре білген заманауи көшбасшы.
Финляндияның білім жүйесінен шабыт алып, мектеп басшылығында еркіндік пен сенімге негізделген жаңа тәсілдерді енгізіп келеді.
Ақмоншақ Нұртаза үшін мұғалім де, директор да – оқушыға жақын, қоғаммен үндес, үнемі жаңарып отыратын тұлға болуы тиіс.
Бұл сұхбатта:
- Директор мен оқушының арасында шекара болу керек пе?
- Әлеуметтік желідегі белсенділік – тәрбиеге кедергі ме, әлде құрал ма?
- Ұжым қалай қабылдады?
- Еркіндік бар жерде тәртіп қалай сақталады?
- Директор болашақта жеке мектеп аша ма, әлде саясатқа кете ме?
- Оның көңілі неден босады?
Ақмоншақ Нұртазаның тың тәсілдері мен шынайы жауаптары – «Адал адам» арнасында.
Қараңыз, ой қосыңыз, пікір қалдырыңыз. Білім – бәрімізге ортақ тақырып.