"Жәннатқа жолдама сатылады". "Рухани жаңғыру - менің идеям". Үкаша атаның қабірін ашып көру керек - Айнұр Әбдірәсілқызы
Adal ADAM youtube арнасының кезекті кейіпкері – дінтанушы Айнұр Әбдірәсілқызы. Ол елді адастырып жүрген жалған психологтар, нумеролог-астрологтар мен олардың кеңесіне жүгінген шенеуніктер, «жәннатқа жолдама» сатқан діншілдер, ұлттық-діни танымымызға қайшы келетін пікірлер туралы ой өрбітті. Алаш қайраткерлерінің діни ұстанымы жайында да сыр шертті. Сондай-ақ экс-президент Назарбаевтың деструктивті ағымдарға қарсы күресте неге дәрменсіздік танытқанын айтты.
Сұхбат барысында Айнұр Әбдірәсілқызы тәңіршілдік, ЛГТБ тақырыптарын да талдап-таразылады.