×

Оқушы үшін қашанғы мұғалім таяқ жейді? Блогер директорлардан «бәле» шыға ма? – Асхат Аймағамбетов

Даурен Омаров 01.07.2025 | 22:59

Adal ADAM youtube арнасының кезекті кейіпкері – Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов.

Билікте жүріп шындық айту қаншалықты қиын? Популист депутаттар көбейіп кеткен жоқ па? Халық заңға неге сенбейді? Бүгінгі саясаткердің басты капиталы не? Қазақстанды алдағы 20 жылда не құтқарады? Фармацевтикадағы былықтардың басында кімдер тұр? Рилс түсіретін мектеп директорлары мектептің беделін арттыра ма? Жекеменшік мектептер білім саласына жәрдем берді ме, әлде бизнес құралға айналды ма? Мектептерде смартфон қолдануды неге толықтай шектей алмай отырмыз? Оқушылар тәртіп бұзса, неге директорлар мен мұғалімдер «таяқ жей» береді? Аймағамбетов депутаттықтан кетсе, қайда барады? Сұхбатта осы және басқа да сұрақтар сараланды.