Халифат аңсаушы тағы бір топ күшейіп барады. Ринаттың 80% дегені ойыншық болып қалды – әлеуметтанушы Талғат Жақиянов
Adal ADAM youtube арнасына әлеуметтанушы Талғат Жәрдемқұлұлы Жақиянов сұхбат берді. Ол Қазақстандағы діни ахуал, негізгі тенденциялары, Қаңтар оқиғасынан кейінгі діни ағымдардың позициясы, салафизм мен деобандизмнің қаупі, бетті тұмшалайтын никаб, паранжаға тыйым салынуы, христиан ағымдарының қазақы ортаға бейімделуі тақырыптарын талдап-таразылады.
Сонымен қатар қазақ халқының «қысымшы күшке» айналғанын, ұлттық идеология, дәстүрлі отбасы құндылығы мәселесі әлі де өзекті екенін саралады.