×

МӘМС, құрылыс, банктік лобби, сыртқы қарыз / Халық сүйіспеншілігі, уайым, қатер - Бақытжан Базарбек

Даурен Омаров 29.12.2025 | 00:37

Мәжіліс депутаты Бақытжан БазарбекAdal Adal YouTube арнасының кезекті қонағы. Сұхбат барысында ол саясаттағы бедел мен жауапкершілік, «жұлдыз ауруы», қоғамда резонанс тудырған мәлімдемелері, хейтерлер мен өзіне жасалып жатқан қысым туралы ашық айтты.

Еліміздегі, соның ішінде Жетісу және Алматы облыстарындағы жер даулары, халықты қажытып отырған несие қамыты, банктік лобби, Құрылыс кодексіндегі өзгерістер, ірі құрылыс компанияларымен текетірес, МӘМС жүйесі, фармацевтика саласындағы мафия, бюджет тапшылығы мен сыртқы қарыз да әңгіме өзегіне айналды. Сонымен қатар депутат Үкімет пен Парламент жұмысына өз бағасын берді.

Ол бұл сұхбатта сыбайлас жемқорлық, принцип, заң үстемдігі және жүйелік проблемалар жайлы ашық әрі өткір әңгіме өрбітті.