«Рухани көсем»: Нұрәлі Әлиев не көздеп жүр?
Израиль мен АҚШ Иранға соққы жасады. Парсы мемлекеті оған төтеп бере ала ма? Бұл үшінші дүниежүзілік соғыс па?
Эпштейн ісі бойынша таяқтың бір ұшы Қазақстанға да тиді. Бас прокуратура тексеріс бастады. Енді Эпштейн файлдарында аты аталған Келімбетов, Шөкеевтердің тағдыры қыл үстінде ме? Мәсімов ше, тағы жаза арқалай ма?
Ал Дариға Назарбаеваның ұлы Нұрәлі Әлиев қоғам алдына «рухани көсем» кейпінде шықты. Алматыға келіп, кәсіпкерлермен рухани, психологиялық тақырыпта кездесулер өткізді. Бұл жай кездесу ме, әлде мұның астарында белгілі бір саяси есеп бар ма?
Сонымен бірге ресейлік саясаттанушы Дмитрий Верхотуров Қазақстанға ашық сес көрсетіп, «ашаршылық» тақырыбын көтере берсеңдер, жағдайларың қиындайды деп мәлімдеді. Бұл не қылған қоқан-лоқы? Қазақстан тарихшылары неге үнсіз?
Бүгін осы және өзге де маңызды жаңалықтарды саралап шықтық. Арнамыздан алыстамаңыздар.