Таяу Шығыстағы соғыс: Қазақстандықтар қандай сабақ алды?
АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери операциясы әлемдік тәртіпке қалай әсер етті? Иран халқы шынымен Батыс айтқандай қысымда өмір сүріп жатыр ма? Күрдтер өз мемлекетін құра ала ма? Бұл шығарылымда саясаттанушы, тарихшы Сұлтан Әкімбековпен бірге осы сауалдар сараланды.
Бұдан бөлек, әлемде күш қолдану халықаралық саясаттың қалыпты құралына айналып бара жатқандығы, шетелдегі соғысқа қатысқан қазақстандықтардың жазасын жеңілдету мәселесі, Атыраудағы сталкинг ісі және әлемдегі дүрбелең аясында қазақстандықтардың бейбітшіліктің қадірін түсіне бастауы туралы сөз қозғадық.
Adal Adam YouTube арнасынан алыстамаңыздар, қадірлі оқырман!