ЭКСКЛЮЗИВ! "Қазақта мемлекеттілік жоқ": Қазақ ғалымдары ең даулы мәселеге нүкте қойды
Неліктен Жошы ханның тарихи рөлі толық бағаланбай келді? Ол шынымен Ұлытауда жерленген бе? Ұлық ұлыстың заңды мұрагері қай халық? Қазақстан неге Жошы хан тұлғасын брендке айналдыра алмай отыр?
Осы сұрақтарға жауап іздеген кезекті сұхбатта біз қазақ тарихындағы ең маңызды тақырыптардың бірін талқыладық.
Бүгінгі қонақтар:
– археолог, PhD-доктор Айбар Қасенәлі,
– археолог, PhD-доктор, Астана халықаралық университетінің доценті Сырым Есен,
– саясаттанушы, PhD-доктор Қазбек Майгелдинов.
Осы сұхбатта археолог ғалымдар Жошы ханға тиесілі болуы мүмкін сүйектерге жасалған генетикалық сараптама мен радиокөміртектік зерттеудің нәтижесін жариялады. Олардың айтуынша, бұл ғылыми жаңалық қазақ мемлекеттігіне қатысты даулы мәселеге нүкте қояды.
Қазірдің өзінде отандық ғалымдардың жемісті жұмысына шетел тарихшылары, генетиктері таңғалып, қызығушылық танытып жатыр. Ал Қазақстандағы ғылыми орта үнсіз. Бұл да өзекті сұрақ.
Сондықтан сұхбатта сіз бұрын естімеген тың деректер, өткір пікірлер және қазақ тарихына жаңа көзқарас айтылады.
Пікіріңізді жазыңыз: Жошы хан – ұлттық идеологияның басты символына айналуы керек пе?
Сұхбаттың толық нұсқасын Adal ADAM youtube арнасынан көре аласыздар.