×

Сайлау келе жатыр: Құрылтайға қай партиялар өтеді? Кімдер депутат болуы керек?

Даурен Омаров 14.04.2026 | 20:35
Сайлау келе жатыр: Құрылтайға қай партиялар өтеді? Кімдер депутат болуы керек?
Adaladam.kz

 

«Adal Adam» YouTube арнасының алаңында саяси партиялар мен Парламент депутаттарының белсенділігі талқыланды. Қонақтарымыз – журналистер Серік Жолдасбай мен Бақытнұр Әлібай, саясаттанушы Қазбек Майгелдинов пікірлерін ортаға салды. Партиялардың әлеуметтік желідегі белсенділігіне өз бағаларын берді. С

онымен қатар сұхбатта олар партиялардың саяси салмағы, «Аманат», «Ауыл», «Ақжол», «Республика», Қазақстан халық партиясы, ЖСДП, «Байтақ» партияларының бағыты мен ішкі ахуалы, белсенді депутаттар мен көзге түспейтін депутаттар, журналистерден қашатын және керісінше медиаға ашық саясаткерлер, дау-дамайдың ортасында жүрген тұлғалар туралы көзқарастарын білдірді. Бұдан бөлек, келесі Құрылтайға кімдердің өту ықтималдығы, қай партиялар мен депутаттардың саяси болашағы бар екені таразыланды.

Пікіріңізді жазыңыз: сіздің ойыңызша, бүгінгі ең белсенді депутат кім? Ал қай депутат өз міндетін өз деңгейінде атқара алмады?

Лайк басып, арнаға жазылуды ұмытпаңыз!