Алматы қаласын дамыту жұмыстары жалғасып жатыр

Қоғамдық кеңестің комиссиясы 24 отырыс өткізіп, онда аудан әкімдігі, қала басқармасы, полиция департаменті мен төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің есебі тыңдалған. Соның нәтижесінде алматылықтардың өмір сапасын, қаланың инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған 240 ұсыныс жасалды, деп хабарлайды Adaladam.kz.
Комиссия мемлекет пен азаматтық қоғамның арасында байланыс орнататын тиімді алаң екенін дәлелдеп отыр. Алматыдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментімен жүйелі түрде жұмыс істеуге көп көңіл бөлінген. ТКҚ, көлік пен экология саласындағы жемқорлықты жоюды көздейтін іс-шаралардың жоспары жасалған. Соның бірі – ұсыныстың орындалу барысын қадағалап, оқытып, цифрлық шешімдерді өндіріске енгізу.
Комиссия мүшелері мемлекеттік органдарының ашық болғанын, есеп беріп отырғанын қалаймыз. Цифрлы құралдар, карта жасап, арыз-өтінішке арнап QR-кодтар енгізілді. Халық осының арқасында ақпаратты тікесінен алып, қоғамдық бақылау да күшейеді.
Комиссия тұрғындармен, эксперттермен, комплаенс-офицерлермен, ұйымдармен жұмыс істеуге көңіл бөліп отыр. 200-ден астам іс-шара өтіп, тұрғындар мен әртүрлі ұйымдардың 70 арыз-шағымы қаралған. Оның 52-сі шешімін тауып, қалғанына түсініктеме берілген.
Сондай-ақ, Алматыда бұрын жарықтандырылмаған 339 учаскеде 109,2 шақырым жаңа жарық желілері салынады.
Алматыда сыртқы жарықтандыру сапасын арттыру мақсатында 84 жарықсыз учаскеде 16 км жаңа желі құрылысы басталды. 2025 жылы 25 сәуірде 255 учаскеде 93,2 км жарық желілерін салуға байқау жарияланды. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаевтың 2025 жылғы 1-30 сәуір аралығындағы Президентке берген есебінде айтылды.
Қаладағы 7 магистральды көшеде 19,6 км жарық желісі жаңартылып, 400 жаңа шам орнатылып, 1,1 мың шам ауыстырылды. Олардың қуаты екі есеге артты.
Сондай-ақ жарықтандыру сапасын арттыру үшін жаңартуды қажет ететін 1 100 басқару шкафының 320-сы жаңартылды. Биыл бұл көрсеткіш 70%-ға жетпек. Бұл жүйенің сенімділігі мен жеделдігін едәуір арттырады.
2025 жылдың басынан бастап Республика алаңындағы екі ғимарат пен ҚР Қарулы күштерінің әскери-тарихи музейінде сәулеттік жарық орнатылды. 2024 жылы мұндай жарықтандыру 25 нысанда жүзеге асырылған.
Айта кетейік, 2023 жылдың тамызында Алматыда өткен кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаланы 2025 жылдың соңына дейін толық жарықтандыруды тапсырған. Бұл тапсырманы орындау үшін 2024 жылдың қаңтарынан бастап «Алматы Қала Жарық» кәсіпорны қала әкімдігімен бірлесіп жұмыс жүргізіп келеді. Былтыр жарықтандыру деңгейі 85%-ға жетсе, биыл бұл көрсеткіш 100%-ға жуықтайды деп жоспарланған.
Сонымен бірге, Алматыда бұрын жарықтандырылмаған 339 учаскеде 109,2 шақырым жаңа жарық желілері салынады.