×

«Алкогольсіз қоғам»: Елімізде бүтіндей ауылдар шараптан бас тартуда

Даурен Омаров 15.07.2025 | 10:17
«Алкогольсіз қоғам»: Елімізде бүтіндей ауылдар шараптан бас тартуда
depositphotos.com

Қазіргі таңда нашақорлық пен алкоголизм қоғамның ең өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр. Бұл індеттер әсіресе жастар арасында кең етек алып, отбасылардың, қоғамның және мемлекеттің әл-ауқатына кері әсерін тигізуде.

Қазақстанда бұл мәселелермен күресу үшін түрлі шаралар қолға алынуда, соның ішінде ауылдық жерлерде алкоголь, әсіресе шарап тұтынуды азайтуға бағытталған бастамалар ерекше назар аударады. Соның бірі  - бүтндей бір ауыл болып алкогольден бас тарту шарасы.

 Расы керк, Қазақстанның ауылдық аймақтарында шарап пен басқа да алкогольдік ішімдіктердің тұтынылуы ұзақ уақыт бойы әлеуметтік мәселе болып келді. Ауылдарда жұмыссыздық, білім деңгейінің төмендігі және демалыс орындарының аздығы сияқты факторлар жастарды зиянды әдеттерге итермеледі.

Алайда соңғы жылдары ауыл тұрғындары, жергілікті әкімдіктер мен қоғамдық ұйымдардың бірлескен күшімен бұл мәселені шешуге бағытталған түрлі шаралар жүзеге асырылуда. Көптеген ауылдарда «Шарапсыз ауыл» атты бастама қолға алына бастады. Бұл жоба аясында ауыл тұрғындарына алкогольдің зияны туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, салауатты өмір салтын насихаттауға басымдық беріледі.

Мектептерде, мәдениет үйлерінде және мешіттерде нашақорлық пен алкоголизмнің адам денсаулығына, отбасына және болашағына тигізетін кері әсерлері туралы дәрістер оқылып жатыр.

Осылайша, ауыл жастары зиянды әдеттерден бас тартып, спортпен шұғылдануға, шығармашылықпен айналысуға және білім алуға ұмтылып жатыр.

Қазақстанда арақ-шараптан бас тартқан ауылдар туралы ақпарат шектеулі, бірақ кейбір нақты мысалдар мен бастамалар БАҚ беттерінде жарияланып жатыр.

Енді солардың біразына тоқталып өтсек:

Солтүстік Қазақстан облысындағы Теңдік ауылы 2003 жылдан бері арақ-шараптан толық бас тартқан ауыл ретінде танымал. Бұл бастама жергілікті мешіттің ашылу салтанатында ауыл қарияларының алкогольді тұтынуды тоқтату туралы үндеуінен бастау алған.

Ауыл тұрғындары соңғы 12 жылдан астам уақыт ішімдік ішпеген және дүкендерде алкоголь сатылмайды.

Әрине бұл жобаның әлеуметтік әсері әлден-ақ байқалып отыр. Ауылда ұрлық, қылмыс және отбасылық зорлық-зомбылық сияқты мәселелер күрт азайған. Тұрғындардың көпшілігі жергілікті шаруа қожалықтарында жұмыс істейді, ал ауылдың экономикалық тұрақтылығы Орынбай қажы Әлжанов сияқты ақсақалдардың басшылығымен сақталған. Орынбай қажы екі бірдей ұлының тойын арақсыз өткізген. Ауылда басқа да тойлар мен басқа да мерекелер алкогольсіз өткізіледі.

Теңдік ауылынан бөлек Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында тағы бір ауылдың түгелдей арақтан бас тартқаны туралы мәлімет бар. Бұл ауылдарда да қылмыс деңгейі төмендеп, тұрғындардың әлеуметтік әл-ауқаты жақсарған.

Қоғамдық ұйымдардың рөлі

Мешіттер, жергілікті ақсақалдар мен әйелдер қауымдастығы алкогольге қарсы күресте белсенді рөл атқарады. Олар жастарды спортқа, шығармашылыққа және білім алуға бағыттайды.

Мемлекеттік қолдау да жақсы әсер етіп отырғанын айта кету керек. Алкоголь өнімдерін жарнамалауға шектеу қойылып, кейбір ауылдарда спирттік ішімдіктердің сатылымы қатаң бақылауға алынған. Мысалы, осы ережеден кейін кейбір ауылдардың дүкендерінде алкоголь сатуға мүлдем тыйым салынғаны туралы деректер бар.