×

Нөлдік төзімділік – заңдылық пен әділдікті орнықтырудың маңызды құралы

Даурен Омаров 21.07.2025 | 18:27
Нөлдік төзімділік – заңдылық пен әділдікті орнықтырудың маңызды құралы
Adaladam.kz

Елімізде мемлекеттік органдардың ашықтығын арттыру, цифрлық технологияларды кеңейту және қоғамдық бақылауды күшейту арқылы нөлдік төзімділікті нығайту жұмыстары қолға алынып жатқаны белгілі. Бұл саясат қатаң жаза шаралары арқылы ғана емес ағарту, қоғамдық бақылау, технологияларды қолдану секілді қосымша факторларды іске қосу арқылы жүргізіледі. Бұл жерде негізгі басымдық жастарды тәрбиелеу және жалпы қоғамдық сананы өзгертуге басымдық беріліп отыр. Бұл өз кезегінде Қазақстанға сыбайлас жемқорлықтан және құқық бұзушылықтардан таза қоғам құруға жол ашатыны даусыз.

Құқық бұзушылыққа нөлдік төзімділік  – қоғамда заңдылық пен тәртіпті орнықтыруға бағытталған саясат, ол кез келген құқық бұзушылыққа, тіпті ұсақ болса да, беріспеушілікпен қарауды және жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз етуді көздейді. Қазақстанда бұл ұстаным сыбайлас жемқорлыққа, әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтарға қарсы күресте маңызды рөл атқарады.

Қазақстанда нөлдік төзімділікті қалыптастыру үшін бірқатар шаралар қолданылады.

Солардың негізгісі  - ағарту және қоғамдық сананы қалыптастыру.

Мектептер мен жоғары оқу орындарындағы бағдарламалар: «Адал ұрпақ» клубтары, «Саналы ұрпақ» жобалары және академиялық адалдық бастамалары жастар арасында заңға бағыну мәдениетін қалыптастырады. Мысалы, бір ғана Ақтөбе облысында 34 793 оқушының «Адал ұрпақ» клубтарына қатысуы осыған дәліл болса керек.

Ақпараттық науқандар

БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы құқық бұзушылықтың теріс салдары туралы хабардарлықты арттыру.

Тренингтер мен семинарлар

Мемлекеттік қызметшілер мен қоғамдық ұйымдар үшін құқық бұзушылыққа қарсы күрес бойынша оқыту бағдарламалары ұйымдастырылады.

Қоғамдық бақылау және ашықтық

Елімізде әр түрлі қоғамдық кеңестер жұмыс істеп тұр. Мәселен ІІМ жанындағы Қоғамдық кеңес мемлекеттік органдардың қызметін бақылайды және азаматтардың шағымдарын қарайды.

Сенім телефондары

Мемлекеттік мекемелерде және оқу орындарында құқық бұзушылықтар туралы хабарлауға арналған «жедел желілер» мен шағымдар журналдары жұмыс істейді.

Ашық бюджет және мемлекеттік сатып алу

Мемлекеттік сатып алу процестерінің ашықтығын қамтамасыз ету және қоғамдық бақылауды күшейту нөлдік төзімділіктің маңызды бөлігі болып табылады.

Электронды үкімет e-Gov порталы және цифрлық сервистер мемлекеттік қызметтердің ашықтығын арттырады, бұл сыбайлас жемқорлыққа жол беретін жағдайларды азайтады.

Бейнебақылау және цифрлық мониторинг

Қоғамдық орындарда және жолдарда бейнебақылау камералары құқық бұзушылықтарды анықтауға және алдын алуға көмектеседі.

Қатаң жаза және жауапкершілік

Жол ережесін бұзу, қоғамдық тәртіпті сақтамау сияқты ұсақ құқық бұзушылықтарға айыппұлдар мен басқа да жазалар қолданылады.

Жастарды тарту

Жастар арасында нөлдік төзімділікті қалыптастыру ерекше маңызға ие. Мектептер мен жоғары оқу орындарында өткізілетін «Саналы ұрпақ – мәңгілік ел болашағы» сияқты форумдар жастарды заңға құрметпен қарауға және адалдыққа тәрбиелейді. Сонымен қатар, волонтерлік қозғалыстар мен жастар ұйымдары жастардың азаматтық жауапкершілігін арттырады.

Халықаралық тәжірибе

Қазақстан БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына (2003) сәйкес халықаралық стандарттарды енгізуде. Сингапур, Жаңа Зеландия сияқты елдердің нөлдік төзімділік тәжірибесі зерттеліп, жергілікті жағдайға бейімделуде. Мысалы, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру Сингапур тәжірибесіне негізделген.

Болашақта мемлекеттік органдардың ашықтығын арттыру, цифрлық технологияларды кеңейту және қоғамдық бақылауды күшейту арқылы нөлдік төзімділікті нығайту жоспарлануда.

Құқық бұзушылыққа нөлдік төзімділік – Қазақстанда заңдылық пен әділдікті орнықтырудың маңызды құралы. Бұл мақсатқа жету үшін мемлекет, азаматтық қоғам және әрбір азаматтың бірлескен күш-жігері қажет.