×

Қазақстан халқының 90 пайыздан астамында несие бар

Қазақстан халқының 90 пайыздан астамында несие бар
Фото: Ашық дереккөз

Қазақстандағы экономикалық белсенді азаматтардың 90 пайыздан астамының несиелік міндеттемелері бар. Бұл туралы Мәжілісте 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есепті талқылау кезінде айтылды, деп хабарлайды Adaladam.kz.

Мәжіліс депутаты Наталья Дементьева халықтың несиеге тәуелділігі артып бара жатқанын айтып, Үкімет пен Ұлттық банктің бұл жағдайды қалай бағалап отырғанын сұрады.

Депутаттың сөзінше, Жоғары аудиторлық палатаның қорытындысында алаңдатарлық үрдіс көрсетілген. 2025 жылдың қорытындысы бойынша халыққа берілген несиелер көлемі шамамен 20 пайызға өсіп, 24,8 трлн теңгеге жеткен.

Сонымен қатар тұтынушылық несиелер көлемі 21 пайызға, ал автонесиелер 22 пайызға артқан.

Сарапшылардың бағалауынша, бүгінде экономикалық белсенді азаматтардың 90 пайыздан астамының несиелік міндеттемелері бар. Сонымен бірге инвестиция мен жаңа өндірістер құруға бағытталған несиелер тұтынушылық несиелерден бірнеше есе төмен болып отыр, – деді депутат.

Оның айтуынша, қоғамды «экономика өсіп жатқан жағдайда неге несиеге тәуелді азаматтардың саны көбейіп жатыр?» деген сұрақ алаңдатып отыр.