Әскердегі тыныштықты енді жасанды интеллект күзетеді
Қазақстан армиясындағы барлық казарма жасанды интеллекті бар бейнебақылау жүйесімен қамтылады.
Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Асқар Мұстабеков армиядағы қауіпсіздікті күшейту бағытында кешенді жұмыстар жүргізіліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды AdalAdam.kz.
Оның айтуынша, жақын уақытта барлық казарма жасанды интеллект технологиясы енгізілген бейнебақылау жүйелерімен жабдықталады.
Қазіргі уақытта қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі кешенді жоспар іске асырылып жатыр. Менің ойымша, биылғы жылдың соңына дейін және келесі жылы барлық казармаларды жасанды интеллект негізіндегі бейнебақылау жүйелерімен толық қамтимыз. Бұл жүйе оқиғаларды талдап, сараптама жүргізуге мүмкіндік береді, – деді Асқар Мұстабеков.