×

Қазақстанда тағы бір әкім өзіне қол жұмсады

Қазақстанда тағы бір әкім өзіне қол жұмсады
Фото: Istockphoto.com

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Май ауылдық округінің әкімі Ерлан Смайылов қайтыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша, шенеунік өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды Adaladam.kz

Қайғылы оқиға дүйсенбі күні болған. Нақты себептері анықталып жатыр. Басқа мәлімет жоқ.

Ерлан Смайылов 1977 жылғы желтоқсанда Май ауылында дүниеге келген. 2000-2005 жылдары математика және физика пәнінің мұғалімі болған. Ол 2026 жылғы 17 ақпанда ғана Май ауылдық округіне әкім боп барған.

Кейінгі уақытта Қазақстанда ауыл әкімінің қазасы туралы мәлімет жиілеп кетті. Мәселен, биыл 6 мамырда Ақтөбе облысы Кеңкияқ ауылдық округінің бұрынғы әкімі Қуанышбек Серікжановтың денесі табылды. Ал 2025 жылғы желтоқсанда Темір қаласының әкімі Еркін Далмағамбетов өз-өзіне қол жұмсаған.