Ақтөбе облысында 19 жастағы жігітті найзағай соғып, мерт болды
Ақтөбе облысының Мәртөк ауданында 19 жастағы жігіт найзағай түсіп, көз жұмды. Оның мәйіті Ақмоласай ауылы маңындағы дала аумағынан табылған, деп хабарлайды Adaladam.kz
Мәліметтерге сенсек, жергілікті тұрғында Ақтөбе облысының Мәртөк ауданында 19 жастағы жігітті найзағай соғып, қаза тапқанын айтады.
Полиция дерегінше, 22 маусым күні Ақмоласай ауылының маңындағы дала аумағынан жас жігіттің мәйіті табылған.
"19 жастағы азаматтың мәйітін табу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, өлімге атмосфералық электр тогының әсері, яғни найзағайдың түсуі себеп болған", – деп хабарлады полиция өкілдері.