×

Қазақстанда енді мектептерде телефон қолдануға тыйым салынады

Қазақстанда енді мектептерде телефон қолдануға тыйым салынады
Фото: Pixabay

Қазақстанның оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мектептерде смартфондарды пайдалануға қатысты жоспарланған өзгерістерді түсіндірді, деп хабарлайды Adaladam.kz.

Қазақстанның оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова парламент палаталарының бірлескен отырысы аясында мектептерде смартфондарды пайдалануға қатысты жоспарланған шектеулер туралы түсініктеме берді.

Министрдің айтуынша, жоғары сынып оқушыларына қатысты мәселе әлі де талқыланып жатыр.

"Жоғары сыныптарда көптеген пәндер онлайн-платформалар арқылы оқытылады. Сондай-ақ оқушылар ҰБТ мен SAT емтихандарына дайындалады. Сондықтан бұл мәселелерді мұғалімдермен бірге әлі де талқылаймыз. Ал басқа жағдайда 7-сыныпқа дейінгі оқушылар сабақ кезінде смартфондарын тапсыруға  тиіс болады", – деді Жұлдыз Сүлейменова.