×

Құлбек Ергөбек Қонаевтың пәтері өзіне қалай мұра болып қалғанын айтты

Құлбек Ергөбектің айтуынша, өзіне мұра-аманат болып қалған пәтерді Бейсембай Кенжебаевтың музейіне айналдыру жоспарда бар.

Даурен Омаров 24.02.2025 | 15:17

Жазушы, әдебиет сыншысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Құлбек Ергөбек Adal Adal youtube арнасына берген сұхбатында мемлекет қайраткері Дінмұхамед Қонаев ғалым Бейсембай Кенжебаевқа өзінің пәтерін бергенін айтты. 

«Қонаев 1961 жылы өзі кірейін деп тұрған пәтерді Бейсембай Кенжебаевқа сыйлайды. Ол былай болған. Бейсекең Димекеңе кіріп жағдайын айтқанда «сізден ұят болды-ау» депті Қонаев. «Маған пәтер берілейін деп жатыр, Басарықтың төменгі жағынан (қазіргі Төлебаев-Қабанбай батыр көшелерінің қиылысы). Соны сіз алыңыз» деп төрт бөлмелі пәтерді берген. Сосын Димекең Бейсекеңе қудаланып жүргеніне қарамастан Ленин орденін әперген. Мұнысы ерлік енді. Мен Қонаев берген пәтерде 1980 жылдан 1987 жылға дейін Бейсекеңнің баласы болып бірге тұрдым. Ол көзінің тірісінде Димаш Ахметұлына хат жазып, «менің шәкіртім, балам Құлбек Ергөбекке осы пәтерді беруіңізді сұраймын, өз балаларымның да өтініші осы» деген болатын. Ол хат менде тұр», - деді жазушы-ғалым.

Құлбек Ергөбектің айтуынша, өзіне мұра-аманат болып қалған пәтерді Бейсембай Кенжебаевтың музейіне айналдыру жоспарда бар.   

«Төбе шашы тік тұрды»: Құлбек Ергөбектің Өзбекстан президенті Шәукат Мирзеевке жазған хатының әсері

Құлбек Ергөбек Өзбекстан президентіне Мемлекеттік сыйлықтың екі мәрте иегері, жазушы Насыр Фазыловтың отбасы қаңғып қалғанын жеткізіпті. 
Даурен Омаров Даурен Омаров 05.03.2025 | 06:22

«Сапарбаев Мағауинмен сөйлескен»: Құлбек Ергөбек ел естімеген құпияны ашты

Бердібек Сапарбаев шетелге қоныс аударған Мұхтар Мағауинді елге шақырған. 
Даурен Омаров Даурен Омаров 25.02.2025 | 17:16

«Көргені жоқ па, надандық па?!»: Құлбек Ергөбек тұңғыш түріктану музейін жауып тастаған ректорды сынады

15 жыл жұмыс істеген Түркістан қаласындағы Бей­­сем­бай Кенжебайұлының түріктану музейі жабылып қалған. 
Даурен Омаров Даурен Омаров 25.02.2025 | 09:27

Обеспечить энергонезависимость Казахстана – задача, на которую ориентировано строительство АЭС

6 октября на общенациональном референдуме казахстанцы проголосовали за строительство АЭС
Adal Adam Adal Adam 26.12.2024 | 10:01