×

«Назарбаевқа хат жаздым» - Құлбек Ергөбек

Даурен Омаров 09.03.2025 | 13:53

Жазушы, әдебиет сыншысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Құлбек Ергөбек Adal Adal youtube арнасына берген сұхбатында Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жазғанын айтты.

«Назарбаев билік басында тұрған кездің өзінде мен Өзбекәлі Жәнібеков жайында естелік кітаптар құрастырдым. Қуаныш Сұлтанов арқылы көптеген кеңестік қайраткерлердің естелігін алдырдық. Естелік кітабын құрастыру барысында Нұрекеңе (Назарбаев) хат жаздым. «Сіздің комсомолдағы ұстазыңыз, уақытында не болса болған шығар, бірақ сіз енді кемел шағыңызға келгенде Өзбекәлі Жәнібековтей ұстазыңызды көз алдыңызға елестетіп, естелік жазып беріңізші» деп Айдос Үкібай арқылы Нұрекеңе жеткіздім хатты. Оған жауап ала алмадым. Бірақ Нұрекең «Менің өмірім» деп кітап жазды ғой. Сонда Өзбекәлі Жәнібековті керемет бағалапты. Мырзатай Жолдасбеков, Қуаныш Сұлтановтың, бәріміздің ұстазымыз және ұлт ұстазы бола білді деп жазыпты. Дәл осылай бағалауға менің хатымның да әсері бар ғой деймін. Бұл – мойындау. Дегенмен, Өзбекәлі Жәнібековке ұлт ұстазы деген бағаны оның көзі тірісі кезінде бермей-ақ қойсын, дүниеден көшерінде, дүниеден көшкен сәтте беруі керек еді ғой. Сосын оның қайраткерілк сабағын бүгінгі күнге  пайдалануымыз керек еді ғой. Біздің салт-санамызды сипаттап кеткен еңбегін де пайдаланбадық қой отыз жылда», - деді жазушы-ғалым.

«Сапарбаев Мағауинмен сөйлескен»: Құлбек Ергөбек ел естімеген құпияны ашты

Бердібек Сапарбаев шетелге қоныс аударған Мұхтар Мағауинді елге шақырған. 
Даурен Омаров Даурен Омаров 25.02.2025 | 17:16

«Көргені жоқ па, надандық па?!»: Құлбек Ергөбек тұңғыш түріктану музейін жауып тастаған ректорды сынады

15 жыл жұмыс істеген Түркістан қаласындағы Бей­­сем­бай Кенжебайұлының түріктану музейі жабылып қалған. 
Даурен Омаров Даурен Омаров 25.02.2025 | 09:27

Құлбек Ергөбек Қонаевтың пәтері өзіне қалай мұра болып қалғанын айтты

Құлбек Ергөбектің айтуынша, өзіне мұра-аманат болып қалған пәтерді Бейсембай Кенжебаевтың музейіне айналдыру жоспарда бар.
Даурен Омаров Даурен Омаров 24.02.2025 | 15:17

Обеспечить энергонезависимость Казахстана – задача, на которую ориентировано строительство АЭС

6 октября на общенациональном референдуме казахстанцы проголосовали за строительство АЭС
Adal Adam Adal Adam 26.12.2024 | 10:01