Қазақ диетасы бедеулікті де емдейді. -100 кг салмақтан арылту бізге мәселе емес - Мөлдір Мұстафаева
Adal Adam YouTube арнасының бүгінгі қонағы — «Қазақ диетасы» жобасының негізін қалаушы Мөлдір Мұстафаева. Ол ашығу мен дұрыс тамақтану тәртібі арқылы артық салмақтан арылуға және денсаулықты жақсартуға көмектеседі. 2022 жылы ол «Қазақ диетасы» ұғымын енгізді. Оның басты ерекшелігі – ұлттық тағамдарды сақтай отырып, ағзаны табиғи жолмен тазарту. Яғни Мұстафаева ет, қазы-қарталардан толық бас тартудың қажеті жоқ дейді, бастысы, тамақтану тәртібін сақтау керек. Ол ашыққан кезде ағза өз-өзін тазартып, артық майды, ісікті, қажетсіз заттарды жояды деген тұжырымға келген. Өзінің тәжірибесін қолдана отырып, бедеулік сияқты ауыр сынақтарды жеңгенін жеткізді. Тіпті онкологиялық ауруларға шалдыққан жандар сауығып шыққанын айтады. Қазіргі таңда Мөлдірдің өз орталығы бар. Онда адамдарға офлайн, онлайн кеңестер береді.