×

«Композитормын деп жүргендер түрмеге қамалары сөзсіз»: Белгілі композитор Қазақстанда ән ұрлау модаға айналғанын айтты

Композитор Қалдыбек Құрманәлі «Adal Adam» YouTube арнасына берген сұхбатында қазақстандық әнші-композиторлар ән ұрлауды модаға айналдырғанын айтты.

Даурен Омаров 30.03.2024 | 17:25

«Ән ұрлау қазір модаға айналып кетті. От болып лаулап барады. Қазір ұятты қойды. Алыс-жақын шетелден ұрлады. Сөзін ауыстырып айтты. Тойларда ақша тауып, кейін ұсталып қалатын болғаннан кейін мойындап шетелдің әншісінен кешіріп сұрап, бірге айтайықты деп жүр. Ән ұрлайтындар өздерін ақтайтын сөз тауып алған “айналдырған жеті нота ғой, содан ұқсап кетеді” деген. Айналайын-ау, жарты жол ұқсап кетсе де ұрланған болады», — деді композитор.

Қалдыбек Құрманәлінің айтуынша, шетелдіктер қазақ әншілерінің ән ұрлағанын білсе, шетінен соттар еді.  

«Шетелдік композиторлар Қазақстанда өздерінің кейбір шығармаларының айтылып жүргенін білмейді-ау. Егер олар бізде әндері жұлым-жұлым болып орындалып жүргенін білсе, Қазақстан композитормын деген пәленбай адам түрмеге қамалары сөзсіз. Бүркіт пен Айша шетелдің әнін рұқсат орындаған, қазақша мәтін жазып алып. Авторы даулаған, содан бұлар барып татуласыпты», — деді композитор.

«Қонаевтың саяси мансабының басталуына Бейсембай Кенжебаев себеп болған» – Құлбек Ергөбек

Құлбек Ергөбектің айтуынша, Б.Кенжебаев Қонаевтың саяси мансабының басталуына себепкер болғаны ақиқат.
Даурен Омаров Даурен Омаров 25.02.2025 | 00:24

«Әсіре алашшыл болып жүр»: Құлбек Ергөбек алаштанушыларды сынға алды

Жазушы-ғалымның айтуынша, Сәбит Мұқанов сияқты совет қайраткерлерін сынағанда обьективтілік керек.
Даурен Омаров Даурен Омаров 24.02.2025 | 13:24