×

Ұлттық спортты қаржы жымқыру көзіне айналдырмау қажет — Еркебұлан Ілиясов

Даурен Омаров 12.05.2025 | 15:26

Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Еркебұлан Ілиясов Adal Adam youtube арнасына берген сұхбатында ұлттық спортты  дамыту концепциясы әзірленгенін және оның алтыншы бағыты ұлттық спорт саласындағы ысырапты тоқтатуға арналғанын жеткізді.

«Құсбегілікпен Қызылорда, не Маңғыстаудың даласында айналысудың мәні бар ма? Одан да сол аймақтарға Үкіметтен, министрліктен бөлінетін қаржыны құсбегілік дамыған таулы өңірлерге бағыттау керек. Ал көкпарға берілетін қаржының 60-70 пайызын Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарына бөлу керек. Егер шын бел шешіп кіріскен, көкпардан нәтиже шығарып жатқан аймақтар болса, оларға да қолдау беріледі. Айтайын дегенім, істі аяғына дейін апара алмайтын, сол спорт түрімен айналысатын адам жоқ жерге ақша бөлмеу керек. Мен жамбы атуға қаржы бөлген өңірлерді көрдім, тіпті тренерлердің жалақысын төлеген. Бірақ ол өңірлерде спортшы да жоқ, ат та жоқ. Бұл жәй ғана ақша жымқырудың, ұрлаудың тәсілі. Әр өңірлерде ипподромдарға жөндеу жасалмаған, арам шөп өсіп кеткен, шаң-шаң болып жатыр. Халық ондай жерге бармайды да, барғысы да келмейді. Ал «отчетта» бәрі жақсы деп көрсетеді. Біз мамандармен, ұлттық спортағы федерациялармен, атқарушы органдармен бірлесе отырып, қай спорт түрі қайда дамып жатқанын саралап, соған орай қаражатты бөлуіміз керек. Тоғызқұмалақ, асық ату сияқты ойындарға инфрақұрылымның қажеті жоқ, оны кез келген жерде, өңірде дамыта беруге болады. Ал көкпар, жамбы ату, теңге ілу сияқты спорттарды кәсіби тұрғыда таразылау қажет», — деді Еркебұлан Сайдоллаұлы.

«Қонаевтың саяси мансабының басталуына Бейсембай Кенжебаев себеп болған» – Құлбек Ергөбек

Құлбек Ергөбектің айтуынша, Б.Кенжебаев Қонаевтың саяси мансабының басталуына себепкер болғаны ақиқат.
Даурен Омаров Даурен Омаров 25.02.2025 | 00:24

«Әсіре алашшыл болып жүр»: Құлбек Ергөбек алаштанушыларды сынға алды

Жазушы-ғалымның айтуынша, Сәбит Мұқанов сияқты совет қайраткерлерін сынағанда обьективтілік керек.
Даурен Омаров Даурен Омаров 24.02.2025 | 13:24

«Мағауинмен қоштасуды да саясатқа айналдырып жібердік» - Құлбек Ергөбек

Құлбек Ергөбек Adal Adal youtube арнасына берген сұхбатында Мұхтар Мағауин мен Бердібек Сапарбаевтың телефон арқылы сөйлескенін айтты.
Даурен Омаров Даурен Омаров 24.02.2025 | 09:28

Ербол Алшынбай өлеңдері: АҚШ жазушысы пікір білдірді

Жазушы Джудит Линберг Ербол Алшынбайдың «Жылқы ғана жалғандағы серігім» атты топтама өлеңдерін оқып, өз әсерін бөлісті.
Даурен Омаров Даурен Омаров 22.02.2025 | 11:59

Тұтынушылардың құқықтары: несие бойынша заңсыз әрекеттерге қарсы күрес рөлі

“Zangerler palatasi” заң консультанттар Палатасының заң консультанты Ақылбекова Ақниет Абдразаққызымен сұхбат.
Даурен Омаров Даурен Омаров 20.02.2025 | 17:34

«Маңғыстауды басқару оңай емес»: Еділ Жаңбыршин облыстың жаңа әкімі туралы ойын айтты

Депутат Маңғыстау облысының әкіміне "тәжірибесі мол, елмен тіл табыса алатын әкім" деген баға берді. 
Даурен Омаров Даурен Омаров 18.02.2025 | 12:49