×

«О дүниеде не шаруамыз бар?!» - Айнұр Әбдірәсілқызы «жәннатқа жолдама» сатқандарды сынға алды

Даурен Омаров 23.06.2025 | 19:07

Дінтанушы Айнұр Әбдірәсілқызы Adal ADAM youtube арнасына берген сұхбатында «жәннатқа жолдама» беріп жатқан діншілдердің әрекетіне пікір білдірді. Шымкентте әзілкеш Ғалымжан Құрбанбектің қатысуымен өткен іс-шаралардың бірінде «жәннаттың билеттері» сатылған болатын.

«Жәннатқа жолдама дейтіндей қабір сұрауын жасайтын, қыл көпірден зу етіп өткізіп жіберетін періштелермен келісіп қойып па еді?! Адам бір сауапты іс жасағанымен арғы жағында оның тағдыры қандай екенін кім біледі? Ертең о дүниеге барғанда мәз болып 50 мыңға сатып алған билеті сират көпірінде жебеу болады деп тұрғанда, бұ дүниеде біреуге жасаған қиянаты болса, ол адамға Алла Тағала «мынаның сауабынан қалағанша ал» десе, жәннат та, жолдама да жайына қалады ғой. Мен жаңағы адамдардың қисынына қарап сөйлеп отырмын. Негізі мен бұл сөзді өте ойсыздық деп алар едім. Құдайдан қалай қорықпаймыз? Онсыз да жеңіл-желпіні іздейтін, бұ дүниеде бүкіл нығметті сатып алғысы, жақсылыққа жеп-жеңіл қол жеткізісі келетін адамдарға енді о дүниені де солай етіп көрсетеміз бе?! Бсқа басқа, өзіміздің билігіміз жоқ, қандай хәлде боларытынымызды білмейтін о дүниеде не шаруамыз?!» - деп күйінді Айнұр Әбдірәсілқызы.

«Әсіре алашшыл болып жүр»: Құлбек Ергөбек алаштанушыларды сынға алды

Жазушы-ғалымның айтуынша, Сәбит Мұқанов сияқты совет қайраткерлерін сынағанда обьективтілік керек.
Даурен Омаров Даурен Омаров 24.02.2025 | 13:24

«Мағауинмен қоштасуды да саясатқа айналдырып жібердік» - Құлбек Ергөбек

Құлбек Ергөбек Adal Adal youtube арнасына берген сұхбатында Мұхтар Мағауин мен Бердібек Сапарбаевтың телефон арқылы сөйлескенін айтты.
Даурен Омаров Даурен Омаров 24.02.2025 | 09:28

Ербол Алшынбай өлеңдері: АҚШ жазушысы пікір білдірді

Жазушы Джудит Линберг Ербол Алшынбайдың «Жылқы ғана жалғандағы серігім» атты топтама өлеңдерін оқып, өз әсерін бөлісті.
Даурен Омаров Даурен Омаров 22.02.2025 | 11:59

Тұтынушылардың құқықтары: несие бойынша заңсыз әрекеттерге қарсы күрес рөлі

“Zangerler palatasi” заң консультанттар Палатасының заң консультанты Ақылбекова Ақниет Абдразаққызымен сұхбат.
Даурен Омаров Даурен Омаров 20.02.2025 | 17:34