×

"Ластығы әбден өтіп кеткен": Айнұр Әбдірәсілқызы Айнұр Тұрсынбаева туралы ойын айтты

Даурен Омаров 26.06.2025 | 11:17

Дінтанушы Айнұр Әбдірәсілқызы Adal ADAM youtube арнасына берген сұхбатында қоғамға зардабын тигізіп жатқан жалған психолог-мотиваторлар туралы айтты.

«Бұлардың (жалған психологтардың) ластығы әбден өтіп кеткенін алдыма келген адамдардан білемін. Әр адам әркімнен зардап шегіп келіп жатыр. «Пәленше деген психологқа барып едім» деп бастайды, мен «қоя қойшы» деймін. Өйткені менің оларда шаруам жоқ, танымаймын. Мен олармен, адамдармен алыспаймын, солардан зардап шеккендердің мәселесімен айналысамын», - деді ол.

Айнұр Әбдірәсілқызы журналистің жалған психологтар қатарына Айнұр Тұрсынбаеваны қосасыз ба, жоқ па деген сұрағына «ол туралы пікір айта алмаймын» деп жауап қатты.

«Маған тұлғалар туралы көп сұрақ қояды, мен оларды танымаймын. Мысалы, Айнұр Тұрсынбаева өзін мотиватор деп айтып жүр. Бір кездері ол менің дайрегіме жазып, «Саналы өмір» атты психологиялық мега тренингіме қатысты. Мега тренинг 12 сағаттық болатын. Оның бүкіл программаларын алды, игерді. Кейінірек соны өзінің жұмыстарында көп пайдаланғанын көрдім. Бірақ ол сатылу үшін берілмеген еді, ол жай ғана өзінің жеке басы үшін берілген дүние еді. Ондай нәрселер болды. Одан басқа уақытта ешқандай байланысым болған емес, көрген адамым емес. Алты аласым, бес бересім жоқ», - деді Айнұр Әбдірәсілқызы.

«Қонаевтың саяси мансабының басталуына Бейсембай Кенжебаев себеп болған» – Құлбек Ергөбек

Құлбек Ергөбектің айтуынша, Б.Кенжебаев Қонаевтың саяси мансабының басталуына себепкер болғаны ақиқат.
Даурен Омаров Даурен Омаров 25.02.2025 | 00:24

«Әсіре алашшыл болып жүр»: Құлбек Ергөбек алаштанушыларды сынға алды

Жазушы-ғалымның айтуынша, Сәбит Мұқанов сияқты совет қайраткерлерін сынағанда обьективтілік керек.
Даурен Омаров Даурен Омаров 24.02.2025 | 13:24

«Мағауинмен қоштасуды да саясатқа айналдырып жібердік» - Құлбек Ергөбек

Құлбек Ергөбек Adal Adal youtube арнасына берген сұхбатында Мұхтар Мағауин мен Бердібек Сапарбаевтың телефон арқылы сөйлескенін айтты.
Даурен Омаров Даурен Омаров 24.02.2025 | 09:28

Ербол Алшынбай өлеңдері: АҚШ жазушысы пікір білдірді

Жазушы Джудит Линберг Ербол Алшынбайдың «Жылқы ғана жалғандағы серігім» атты топтама өлеңдерін оқып, өз әсерін бөлісті.
Даурен Омаров Даурен Омаров 22.02.2025 | 11:59