×

Белгілі әлеуметтанушы сәләфилер қандай жымысқы саясатқа көшкенін айтты

Даурен Омаров 24.07.2025 | 11:17

Әлеуметтанушы Талғат Жақиянов Adal ADAM youtube арнасына берген сұхбатында сәләфилер заңдарға икемделіп өмір сүріпәр өңірде сәләфи жамағаттар ірі кәсіпкерлердің айналасына топтасқанын айтты.

«Сәләфилер өз-өздерін қаржыландырудан бөлек, өздерінің қызметтерін легитимдеуге тырысып жатыр. Яғни оларда заңдарға икемделіп өмір сүру, билік, құқық институттарына ақырын бейімделу процесі жүріп жатыр. Мұны кейбір сарапшылар позитивті жағдай деп айтуы мүмкін. Шын мәнінде бұл уақытша бейімделу. Яғни, бұл дауыл алдындағы тыныштық деп айтсақ болады. Қазіргі мақсаты - демографиялық өсімді күту. Саны көбейгеннен кейін бұлар саяси тұрғыдан алғанда үлкен қысымшы топқа айналады да, ертеңгі күні өздеріне қажетті нормаларды, заңнамаларды, жалпы саяси тетіктерді қалыптастыруға кірісетін болады. Былайша айтқанда болашақта сайламалы билік органдарына бару, Конституцияны өзгерту сияқты талаптарды шығаратын болады. Қазіргі кезеңде олардың стратегиясы -  тып-тыныш қана, қайшылық келтірмей бейімделіп өмір сүру. Бірақ түпкі мақсаты жойылған жоқ, түпкілікті мақсат – халифат құру, ислам теократиялық мемлекетін құру. Қазір Ауғанстан сияқты мемлекет мемлекет құруды көздейді. Сондықтан бұл жерден сарапшыларға кереметтей бір позитив көрудің қажеті жоқ, бұл жерде стратегиялық тұрғыдан қауіп-қатердің барын білу керек», - деді әлеуметтанушы.

«Қонаевтың саяси мансабының басталуына Бейсембай Кенжебаев себеп болған» – Құлбек Ергөбек

Құлбек Ергөбектің айтуынша, Б.Кенжебаев Қонаевтың саяси мансабының басталуына себепкер болғаны ақиқат.
Даурен Омаров Даурен Омаров 25.02.2025 | 00:24

«Әсіре алашшыл болып жүр»: Құлбек Ергөбек алаштанушыларды сынға алды

Жазушы-ғалымның айтуынша, Сәбит Мұқанов сияқты совет қайраткерлерін сынағанда обьективтілік керек.
Даурен Омаров Даурен Омаров 24.02.2025 | 13:24

«Мағауинмен қоштасуды да саясатқа айналдырып жібердік» - Құлбек Ергөбек

Құлбек Ергөбек Adal Adal youtube арнасына берген сұхбатында Мұхтар Мағауин мен Бердібек Сапарбаевтың телефон арқылы сөйлескенін айтты.
Даурен Омаров Даурен Омаров 24.02.2025 | 09:28