×

«Жұмыс беру арқылы қатарын толықтырып жатыр» - әлеуметтанушы сәләфилер туралы

Даурен Омаров 11.08.2025 | 12:22

Әлеуметтанушы Талғат Жақиянов Adal ADAM youtube арнасына берген сұхбатында әр өңірде сәләфи жамағаттар ірі кәсіпкерлердің айналасына топтасқанын айтты.

«Бүгінгі сәләфиші жамағаттардың негізгі акторлары – әр өңірде, облыста, қалада, аудан орталықтарында отырған ірі кәсіпкерлер. Кезінде Қазақстанға осы идеологияны насихаттауға кіргізілген қаражаттардың есебінен қалыптасқан кәсіпкерлер бүгінде өздері жұмыс беруші болып отыр. Сол жұмыс беру арқылы өздерінің қатарларын толықтырумен ауналысуда. Яғни олар өз-өздерін қаржыландыратын деңгейге жетті», - деді  Талғат Жақиянов.