Белгілі сарапшы Қазақстандағы діни ахуалға «стабильно тяжелое» деген «диагноз» қойды
Әлеуметтанушы Талғат Жақиянов Adal ADAM youtube арнасына берген сұхбатында Қазақстандағы қазіргі діни ахуалға баға берді.
«Дін социологиясы бойынша талдау жасаған сарапшы ретінде айтарым, медицина тілімен айтқан кезде елдегі діни ахуал «стабильно тяжелое». Біз қазір шын мәнінде белгілі бір проблемалар шыққан кезде ғана біз оған назар аударамыз. Ал күнделікті ағымдағы жағдайды зерделейтін болсақ, ол жерде проблемалардың асқынып жатқан жағдайлары байқалады. Тіпті, жаңадан діни идеологиялар қалыптасып жатқан жағдайлар бар және әртүрлі жағдайларда. Кейбір ағымдардың идеологиялары күшейіп жатқандары бар», - деді Талғат Жәрдемқұлұлы.